Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасын талқылау

2016 жылдың 18 ақпанында Республикалық медицина колледжінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасын талқылау мәселесінде Дөңгелек үстел өтті.

Отырыста «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалы төрағасының І орынбасары Көлбеков А. Б. сөз сөйлеп, Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» – бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген» – деді.

Республикалық медицина колледжі директорының практикалық оқыту жөніндегі орынбасары А. Татибекова: «Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында қазіргі танда біздің ұжым білім берудің жаңа жүйесіне негізделген әлемдік білім беру кеңістігіндегі жаңалықтарды басшылыққа алуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық- педагогикалық тұрғыдан жетілдіру барысында көптеген жұмыстар атқарылуда» екендігін айтып өтті.

Әлеуметтік экономикалық пәндерінің оқытушылары Қазақбаева Ж.Р, Каштаева Ш.Е, Ибрагимова У.Х, Мухашев Ж.Е, Аманжолова А.Т., сондай ақ, колледж студенттері Қ.Осилатинов, А.Азатбекқызы, М. Каримов өз ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстелге БАҚ атынан «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы», «КазНьюс» интернет порталы және «Қазақстан», «Алматы» телеканалдары қатысты.