Қылмыстың алдын алу шаралары

2016 жылдың 17 ақпанында Медеу аудандық Ішкі Істер Басқармасының инспекторлары, аға лейтенант Л.М.Сламджанова, полиция капитаны М.Т. Үсенова колледж студенттеріне жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу шаралары туралы лекция өткізді.

Инспекторлар қылмысты болдырмау, қоғамдық орындарда шылым шекпеу туралы, жасөспірімдер арасындағы суицид және әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықтың алдын алу туралы мәлімдеді.

Аталған тақырыптар бойынша видеороликтер көрсетіліп, ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңы және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ережелерімен таныстырып өтті.