Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы атты шығармашылық кеш

2016 ж. ақпанның 19-ы күні Сәбит Мұқанов мұражайында «Жамбылтану» институтының қызметкерлерімен бірлескен «Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы» атты шығармашылық кеш өтті. Кешке колледжіміздің МІ 01-15 тобының студенттері (топ жетекшісі М.Ж.Орынбасарова) қатысты. Кеш барысында студенттер арқалы ақын Жамбыл Жабаевтың өмірі, шығармашылымен танысып, қазіргі кездегі Жамбылтанушылардың зерттеу еңбектері туралы біраз мағлұматтар алды. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері Жамбыл термелерін орындаса, Республикалық медицина колледжі студенттері Жамбыл ақынның өлеңдерін оқыды.