«Абай – дана, Абай – дара»

2016 жылдың 11 наурызында «Емдеу ісі» Е 03-15 тобында (топ жетекшісі Нурумбетова А.М.) Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай «Абай – дана, Абай – дара» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Кеш барысында Абайдың өмірі, шығармашылығы туралы көп мәлімет берілді, оның жүректен қозғалатын әсем әуендері шырқалып, өлеңдерінен және қара сөздерінен үзінділер оқылды.