РМК-дегі аккредиттеуге дайындық

Әлемдік білім беру кеңістік интеграциясын және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуын, қоғамның сұранысын ескере отырып, 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес орта буынды білікті мамандар даярлауда бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізіне техникалық және кәсіби білім беруді жаңғырту енгізілді.

Осыған байланысты еліміздің Т және КББ жүйесі міндеттерінің бірі бітірушілердің біліктілігін тәуілсіз бағалауды жетілдіру, Т және КББ ұйымдарында институционалды және мамандандырылған аккредиттеуді енгізу болып табылады.

Аккредиттеуге даярлау кезіндегі үздіксіз жетілдіруге барынша үлес қосуды қамтамасыз ету  үшін техникалық және кәсіби білім беру деңгейінде қабылданған өзін өзі бағалау үдерісі  сапа жүйесінің бөлінбес бөлігін құрайды.

Өзін өзі бағалау үдерісіне әртүрлі топтар қатысады. Білім беру ұйымы туралы мәлімет жинауды жүргізу үшін негізгі тұжырымдар мен ұсыныстарды келісе қалыптастыратын әртүрлі топтар қатыстырылады. Бұл тек қана шыншылдықты жоғарлату әдісі ғана емес, сонымен қатар колледж ұйымының қызметін оңтайландыру құралы.

Колледждің өзін өзі бағалау жұмысын жүргізуші жұмыс тобы