«Признанный миром Абай!»

2016 жылдың 30 наурызында «Ортопедиялық стоматология» бөлімі, з/т 02-15 тобында (топ жетекшісі Диханбаева С.Н.) Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай «Признанный миром Абай!»атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатында Абайдың шығармашылығы туралы мәлімет берілді, өлеңдері, Қара сөздерінен үзінділер оқылып, жүректен қозғалатын әсем әуендері шырқалып, Абай мен Тоғжанның кедесуінен сахналық көрініс көрсетілді.