Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы көрнекі сот

2016ж. 24 мамырында Республикалық медицина колледжінің мәжіліс залында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ауданаралық мамандандырылған ювеналды сот судьясы Б. О. Карипжановтың және Медеу ауданының ІІБ ювеналды полициясы бөлім басшысы, полиция майоры Е. А. Ракысбаевтың қатысуымен көшпелі көрнекі соты болды.

Сот Қаулысымен Азаматша В. ҚР Заңының 127 бабы 1б. (Ата-аналардың немесе өзге заңды өкілдердің бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және  айыппұл түріндегі 7 АЕК көлемінде әкімшілік жазаға тартылды.

Ары қарай судья ювеналды сот міндеттері, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыскерлік, соттың кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен және психологтармен ынтымақтастығы туралы айтты. Сонымен қатар, ата-аналардың кәмелетке толмағандар істеріне және тәртібіне жауапкершілігі мәселелері қозғалды, оның ішінде сот тарапынан ата-аналық құқықтан айыру және оны қалпына келтіруге қатысты мәселелер.