2016 жылдың 28 наурызы мен 5 мамыры аралығында РМК-ның спорттық базасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы қ. медицина колледждері арасындағы II спартакиадаболып өтті.
Жарыс спорттың 7 түрі бойынша өтті (баскетбол, волейбол, шағын-футбол, үстел теннисі, тоғыз құмалақ, халықтық – ұлттық ойындар және спорт түрлері, Президенттік көп сатылы сайыс).
Жалпы командалық есепте жүлделі орындар төмендегідей түрде бөлінді:
- 1 орын – РМК командасы,
- 2 орын – профессор Рузуддиновтың стоматологиялық колледжі,
- 3 орын – Алматы медицина колледжі.