ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған қала мұражайларына экскурсия

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне байланысты колледж әкімшілігі 1-ші курс студенттернің ҚР Орталық мұражайына және Алматы қ. тарихы мұражайына орталықтандырылып барып қайтуын ұйымдастырды.

Студенттер алғашқы Қазақ хандығының қалыптасу кезеңінен бастап Қазақстан тарихына арналған экспозициялық залдарды, Қазақстан аумағында мекендейтін ұлттардың тарихы және этнографиясы жөніндегі материалдарды, Қазақстанның 1991 жылда республикамыздың тәуелсіз мемлекет екендігін жариялаған уақыттан бастап қазіргі таңға дейінгі тарихын көрсететін экспозициялық залын, ертедегі көшпенділер дәуірі тайпаларының мәдени дәстүрін көрсететін алтын бұйымдар коллекциясын көрді.