2016 жылғы колледж түлектеріне диплом табысталды

 

2016 жылдың 1-ші шілдесінде Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында Республиғалық медицина колледжін бітіруші түлектерге орта кәсіби білім жөніндегі диплом табыстау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Түлектерге дипломмен қатар барлық мамандықтар бойынша қосымша білім беру сертификаттары табысталды.

Осы керемет білім ордасында 606 ұлдар мен қыздар өздерінің кәсіби білімдерін аяқтады. Осы уақыт ішінде 7 мамандық бойынша студенттер мықты біліммен қаруланып, нағыз кәсіби іскерлік пен дағдыны қалыптастырды.

Мерекелік рәсімге қаладағы Мемлекеттік емтихан комиссияларының төрағалары (төрайымдары), колледж түлектері, халық денсаулығын сақтауға, медициналық мамандарды дайындауға, Қазақстан Республикасының барлық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға зор үлес қосқан азаматтар шақырылды.

Салтанатты мерекелік шараны колледж директоры С.Т. Сейдуманов ашты.

Осы салтанатты рәсімде қоғамдық шараларға, спорттық белсенділік танытқан және шығармашылық табыстарға жеткен ерекше көзге түскен түлектер Алғыс хаттармен марапатталды.Алғыс хаттарды «ҚР денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалының төрағасы М.Т.Шакіров табыстады.

 

Ауғанстан Ислам Республикасының Елшілігі атынан Сайед Моедин Моеинуддинмырза колледж әкімшілігіне алғыс сөздерін айтып, зор денсаулық пен үлкен табыстар тіледі.

Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикалары Үкімет аралық Келісім негізінде «Емдеу ісі» мамандығы бойынша кәсіби білім алған ауған түлектеріне дипломдар табысталды.

 

Колледждегі маңызды оқиға – зағип мүгедектерге арналған «Мейірбике ісі» мамандығы «Массажист» біліктілігі бойынша 6-шы рет мамандарды даярлап шығарды.