Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруды ақпараттық түсіндіру жұмыстары

Қазақстан әлем тынысымен қатар келе жатқан дамушы мемлекет екені белгілі. Әлемнің озық мемлекеттерінің реформалары қазақстандықтардың игілігі үшін енгізіліп жатқандығын да білеміз. Соның ішінде жан жақты талқыланып жатқан -міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру. Осы талқылаудан біздің колледж де шет қалмады. 2016 жылдың қазан айының 26-шы жұлдызында студенттердің қатысуымен «Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруды ақпараттық түсіндіру жұмыстары» атты пікір-сайыс өтті.

Қазіргі таңда қоғам назарын ұстап отырған Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Қорға жиналған қаражат есебінен азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді. Барлық деңгейінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тегін денсаулық сақтаудан медициналық сақтандырудың айырмашылығы осында. Медициналық сақтандыру міндетті және ерікті сақтандыру жолымен жүзеге асырылады». Жалпы, медициналық сақтандыру тұңғыш рет 1871 жылы Германияда әлеуметтік сақтандыру жүйесі ретінде енгізілді. Сондықтан да біздің еліміздің бұл салада тәжірибесі аз деуге болады.

Пікір-сайыс барысында көптеген сұрақтар қойылып, бұл тақырып қатысушылардың тарапынан қызу талқыға салынды. Студенттер белсене қатысты. Соның ішінде, Алтаев Ә.,Мейрамова М.,Айдархан М., Момын А. Смадияр О. міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру неліктен Қазақстанға 90-жылдары толық жүзеге аспағандығын сұрады. Пікір – сайыс қатысушылары өз ойларын білдіріп, іс-шара көпшіліктің көңілінен шықты.

М.Жұмабаев атамыз «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты…Мен жастарға сенемін» деп текке айтпаса керек. Еліміздегі әлеуметтік өзгерістерге осылайша тіл қатқан жастарымыздың серпіні бізді тек қуантты. Әрдайым осылай болады деген сенімдеміз.