Темекі шегуден бас тарту күніне арналған акция

2016 ж. 18 қараша күні«Темекі түтінінен азат Қазақстанүшін» ұлттық коалициясыныңжәне колледждің студенттік Парламентінің ұйымдастыруымен Темекі шегуден бас тарту күніне арналған акция өткізілді.

Ұйымдастырушылар студенттердің назарына интербелсенді технологиялар мен экспонаттар арқылы “Темекі құрамы”, ” Темекінің зияны” тақырыбында темекі тартқан адам өкпесінің зақымдалғанын көрсетті, сонымен қатар, жастар арасында кеңінен таралған кальянның зияны туралы айтып өтті.