Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау

2017 жылы 17 ақпан күні Республикалық медицина колледжі ұжымында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы талқыланды.

Директор Рузденова Н.Б. өз сөзінде «Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы – жаһандық бәсекелестік жағдайында ел экономикасын әрі қарай дамытуға арналған стратегиялық бағдарлама. Біздің Президентіміз тәжірибелі мемлекет басшысы ретінде уақыт сынын алдын ала танып, озық технологиялық жаңғыртуға негізделген жаңа экономикалық дамудың үлгісін жасауды ұсынды» – деді.

«Жолдаудың өте маңызды бөлігі – қоғамның әлеуметтік саласына жасалған қамқорлық. Жаңа экономикалық даму үлгісінің өзегі – білім беру болса, IT технологияны меңгеріп, қаржылық сауатылықты арттыруға және жастарға патриоттық тәрбие беруге ерекше көңіл бөлінеді. Денсаулық сақтау саласында Президент мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді тапсырды. Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бәрімізге үлкен жауапкершілік жүктейді» дедісөз сөйлеушілер.