“Зорлықсыз отбасы”

2017 жылдың 17 наурызында колледжде Алматы қаласы Медеу ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметі әйелдерді тұрмыстық зорлық- зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Л.М. Сламджанова, инспектор М.Б. Қурманбекованың қатысуымен дәріс өткізілді

Студенттермен кездесуде қаралған сұрақтар: «Құқықтық тәрбие, білім беру мекемелерінде, қоғамдық орындарда өзін – өзі ұстау және жастар арасында құқық бұзушылықты алдын алу», сонымен қатар ҚР заңы бойынша зорлық – зомбылықтың түрлері, қорғау нұсқамасы туралы түсіндірді, студенттерге қазіргі кезде жастар арасында жиі орын алып отырған әкімшілік құқық бұзушылықтарға қысқаша сипаттама беріп, олар үшін жауапкершілікке тарту шаралары жайлы ақпараттар айтылды, ҚР тұрмыстық зорлық- зомбылық туралы заңы бойынша буклеттер таратылды.