«Алаш партиясының қызметіне жас буынның көзқарасы» атты дөңгелек үстел

2017 ж. сәуірдің 13-ші күні Республикалық медицина колледжінде Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен “Жастар үні” жастар қоғамдық бірлестігінің “Көзқарас” жобасы аясында студенттермен Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш партиясының қызметіне жас буынның көзқарасы» атты дөңгелек үстел – пікірталас өткізілді.

Дөңгелек үстел Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қайраткерлерінің елеулі еңбегі мен ұлт үшін жасаған ерліктерін бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жастарына насихаттау мақсатында өткізілді.