Қазақстан халықтары тілдер мерекесі

22 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдер мерекесі қарсаңына орай 2016 жыл қыркүйектің 21 – 23 аралығында Қазақстанды мекендеген түрлі халықтарының тілдеріне деген құрметін арттыру мақсатында мерекелік шаралар өткізілді.

Е 02-16, Мі 01-16, Мі 03-16, Ф 03-16, топтарында «Айналдым қасиетіңнен, қазақ тілі», «Тіл – ұлт тұғыры», «Анамның тілі – қуатым менің», «Тіл – татулық тірегі» атты ашық тәрбие сағаттарын “Қазақ тілі” цикл әдістемелік комиссиясы оқытушылары Орынбасарова М.Ж., Дегембаева С.М., Наурызалиева М.К., Мынжасарова А.У. өткізді. Сонымен қатар, өзге ұлт білімгерлері арасында “Мемлекеттік тіл – менің тілім” тақырыбында шағын шығарма жазу ұйымдастырылды.

Колледж кітапханасында «Тіл – достық пен татулықтың тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды және стенд безендірілді.