Ұстаздар күні

2016 ж. қазанның 5 күні Ұстаздардың дәстүрлі кәсіби мерекесі құрметіне Республикалық медицина колледжінде салтанатты жиын өткізілді. Мерекелік шарада колледж директоры Н.Б.Рузденова әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтап жылы лебізін білдірді.

Колледждің кәсіподак комитеті атынан колледж қызметкерлеріне мерекелік сыйлықтар берілді.

Осы шара білім алушылар күшімен дайындалған мерекелік концертпен жалғастырылды.