ҚР 2020 жылға дейін мейірбике ісініңің дамуының Кешенді жоспарының жүзеге асуының және 2016-2019 жылдарға ҚР мейірбике білімінің жүйесінің модернизациясының Жол картасының жүзеге асуы сұрақтары бойынша кездесу өтті

2017 жылдың 19 мамырында Республикалық жоғары медициналық колледжінің педагогикалық ұжымының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау  министрлігінің ғылым  және  адами ресурстар Департаментінің директоры  м .ғ.д. А.К Каптагаевамен Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін мейірбике ісініңің дамуының Кешенді жоспарының жүзеге асуының және  2016-2019 жылдарға  Қазақстан Республикасында мейірбике білімінің жүйесінің модернизациясының Жол картасының жүзеге асуы сұрақтары бойынша кездесуі өтті.

Кездесу барысында, Айгүл Қайратқызы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мейірбике ісінің реформасы арқылы және қазіргі заманғы практикалық денсаулық сақтау талаптарына сәйкес келетін жаңа формация мейірбике ісінің маманын құру деп  атап өтті.

Қазақстан үшін мейірбике ісі жүйесін дамыту, бұл барлық деңгейдегі білімді дамуын, оның білім сапасын халықаралық стандарттар деңгейінде бақылаумен практикаға әртүрлі лауазымды позициялармен мейірбике ісі мамандары институтының енгізуін білдіреді.

Бүгінгі күнде, мейірбике ісі оқытушыларының басым көпшілігі – бұл дәрігерлер, ал халықаралық тәжірибеде тек бакалавр деңгейіндегі мейірбикелер мейірбике ісі оқытушылары болуы мүмкін. Медициналық колледждер басшылықтарына мейірбике ісі мамандарын даярлауда мейірбике ісі ғылыми-педагогикалық бағыттағы бакалаврларды барынша тартуға назар аудару қажет.

Өз баяндамасында Департамент директоры мейірбике ісінің  реформасын іске асыруда атқарылған жұмысты атап өтті. Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды және педагогикалық ұжымның халыққа және студенттерге ақпараттық-түсіндіру жұмысын белсенді жүргізу қажеттігін белгіледі.

Сапар қорытындысында, Департамент директоры колледждің материалдық-оқу базасымен, Үздіксіз білім беру орталығы қызметі және оқу кабинеттері,  зертханалар, Симуляциялық технологиялар және оқыту сапасын мониторингтеу орталығы, тестілеу орталығымен танысып өтті.