“Мейіргер ісі” мамандығы қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша мониторингтеу жүргізілді

2017 жылғы 23 мамырында ЖШС “Республикалық жоғары медициналық колледжінде” Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының медициналық білім беруді дамыту бөлімінің бас эксперты Б.М.  Хандиллаевамен “Мейіргер ісі” мамандығы қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасын енгізудің 2016-2017 оқу жылының 5-6/1-2 семестрлері қорытындысы бойынша мониторингтеу жүргізілді.

ЖШС “Республикалық жоғары медициналық колледжі” базасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Вице-министрінің 23 шілде 2014 ж. №417 бұйрығына сәйкес 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап  “Мейіргер ісі” мамандығы бойынша эксперимент түрінде қолданбалы бакалавриат бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Сонымен бірге 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап “Мейіргер ісі” мамандығы, “Қолданбалы бакалавр” біліктілігі бойынша 1 жыл 6 ай  қысқартылған бағдарлама бойынша оқыту басталды.

Мониторинг бағдарламаға сәйкес жүргізілді.  Мониторинг барысында бас эксперт Хандиллаева Б.М. бағдарламаны жүзеге асыруға жауапты тұлғалармен, оқытушылармен, білімгерлермен сұхбаттасты. №33 қалалық емханананаға барды, Алматы қаласындағы 5 клиникалық базалардың менторларымен кездесу өткізді. Сұхбат барысында Қазақстан Республикасындағы мейіргер үрдісін дамытудың 2020 жылға дейінгі Кешенді жоспарын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтып өтті. Қорытынды жасауда Бану Мырзановна колледжде қолданбалы бакалавриатты жүзеге асыру барлық талаптарға сәйкес келетіндігін және бағдарламаны сапалы түрде жүзеге асыруға барлық жағдай жасалғандығын, кадрлар әлеуеттілігінің жоғары екендігін айтты.