РЖМК сапа менеджмент жүйесінің бірінші инспекциялық аудитінен сәтті өтті

Республикалық, жоғары медициналық колледжінде 2017 жылғы 23 мамырында ҚР МСТР сарапшы-аудитор В. И. Соловьев басшылығымен және стажер Ж. Б. Смагулова қатысуымен менеджмент жүйесінің бірінші инспекциялық аудиті  өтті.

Аудит мақсаты менеджмент жүйесінің жұмыс істеуін және нәтижелілігін, қолданыстағы белгілі әзірлеп реттелген және рәсімделген құжаттар арқылы және олармен қамтамасыз ету жүйесінде қолдау менеджментін  бағалау болып табылады.

Менеджмент жүйесінің аудиті өз бағдарламасы  және жоспарына сәйкес өткізілді.

Аудит шарасының   барысында  команда басшысы, колледждің педагогикалық ұжымымен кездесу  өткізді, соңынан құрылымдық бөлімшелерде  құжат айналымының аудиті жүргізілді.

Аудит нәтижесінде сарапшы-аудитор педагогикалық ұжымымен қорытынды мәжіліс өткізді және менеджмент жүйесі жұмысының оңын атап өтті.

Аудит қорытындысы бойынша колледж ҚР СТ ИСО 9001-2009 сәйкестік сертификатын алады.