«Дипломдық жұмысты орындау, және қорғау. Мейірбике ісіндегі зерттеу әдіснамасына фокус» тақырыбы бойынша семинар өткізілді

Мейірбике ісі реформаасын қолдау жөніндегі Денсаулық сақтауды дамыту орталығының сарапшысы Ж.С. Шалхаровамен Республикалық жоғары медициналық колледжінде 3.04 – 07.04.2016 ж аралығында «Дипломдық жұмысты орындау, және қорғау. Мейірбике ісіндегі зерттеу әдіснамасына фокус» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

Семинарға Қазақстан Республикасының 11 медициналық колледжінен 38 оқытушы қатысты.

Семинар көлемінде дипломдық жұмысты орындау, безендіру және қорғау ережесі және  жергілікті этикалық комиссия туралы ереже, сондай-ақ дипломдық жұмыс жетекшілері  үшін басшылыққа кейбір толықтырулар енгізілді.