Республикалық жоғары медициналық колледжі Қазан қаласындағы семинарға қатысты

2017 жылдың 23-25 мамыр аралығында Қазан қаласында Ресей Федерациясының денсаулықты сақтау Министірлігінің  «Үздіксіз медициналық және фармацевтикалық білім берудің Бүкілресейлік оқу-ғылыми-әдістемелік орталығының» эгидасы астында «Орта медициналық білім беру ұйымдарында WordSkillsRussia стандарттарын қолдана отырып, практикалық оқытуды ұйымдастыру және өткізу» атты семинар өтіп, оған Республикалық жоғары медициналық колледжінің бөлім меңгерушілері Р.К. Алекешева мен Л.Д.Алибекова қатысты.