2017 жылғы колледж түлектеріне диплом табысталды

2017 жылдың 30-ші маусымында Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында Республикалық жоғарғы медицина колледжін бітіруші түлектерге орта кәсіби білім жөніндегі диплом табыстау рәсімі салтанатты түрде өткізілді.

Осы керемет білім ордасында 710 ұлдар мен қыздар өздерінің кәсіби білімдерін аяқтады. Осы уақыт ішінде 7 мамандық бойынша студенттер мықты біліммен қаруланып, нағыз кәсіби іскерлік пен дағдыны қалыптастырды.

Колледждегі маңызды оқиға – зағип мүгедектерге арналған «Мейірбике ісі» мамандығы «Массажист» біліктілігі бойынша 7-ші рет мамандарды даярлап шығарды.