Сенбі күні Республикалық жоғарғы медицина колледжінің аумағында колледж білімгерлері мен топ жетекшілерінің қатысуымен сенбілік өтті. Бұл сенбілікке мына топтар ат салысты: МІ 1-17, топ жетекшісі Бектенов Ринат, СД 1-17 топ жетекшісі Молева Ольга, Лаб 1-17 топ жетекшісі Камбарова Гүлжайна.
Бұл күні әр топ өздеріне тиесілі аймақты күл-қоқыстан тазартып, көріктендіру жұмыстарын жүргізді. Көше бойлары, сондай-ақ арықтар мен жиек жолдар тазартылып, колледж аумағы жайнай түсті.