Қосалқы станция фельдшерлері «Республикалық жоғары медициналық колледжінде» біліктілікті арттырудан өтті

Қосалқы станция фельдшерлері «Республикалық жоғары медициналық колледжінде» біліктілікті арттырудан өтіп, «Шұғыл медициналық көмек (BLS)» бойынша емтихан тапсырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл бағдарлама фельдшерлерді науқастар мен зардап шеккендерге BLS шұғыл медициналық көмек көрсетудің тәжірибелік дағдыларына оқыту үшін тағайындалған.  Бағдарламада негізгі көңіл науқастарды іс-шаралар қатарын жүргізу жолымен шектімежедегі ахуалдан шығаруға аударылды.

Оқу барысында олар халықаралық стандарттарға сәйкес шұғыл медициналық көмек көрсету клиникасын, диагностикалық белгілерін, алгоритмдерді, жүрек тоқтаған кезе жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу техникасын меңгерді. Топта әрі жұмыс істеуге көмек келтіретін фельдшерлердің ұйымдастырушылық қабілеттері, жетекшілік сапалары да өте маңызды болды.


Қорытынды емтихандарға «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» бас дәрігерінің орынбасары Нұржан Аблакимұлы Жакешбаев,  №2 қосалқы станциясының меңгерушісі Сариев Олег Александрович және №8 қосалқы станцияның меңгерушісі Айдын Сабырғалиұлы Сармалаев қатысты.

Біліктіліктерін арттырудан өткен «103» қызметінің фельдшерлер тобына «Республикалық жоғары медицина колледжінің» директоры Найля Бексауытқызы Рузденова ханым сертификат табыстады.