«Бір шаңырақ астында» атты дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылдың 10-желтоұсан күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында «Бір шаңырақ астында» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, орталықтың қызметкерлері мен оқытушылар қатысты. Дөңгелек үстелде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихындағы өзекті мәселелер қарастырылып, еліміздегі халықтар достығын нығайту бойынша кеңінен талқыланды. Аталмыш шараға Республикалық жоғары медициналық колледжінің «Тарих» пәні оқытушысы Қазақбаева Жібек Рахматуллақызы қатысып, Қазақстандағы халықтардың бірлігін нығайту мәселелері бойынша баяндама оқыды.