РЖМК-да «стандартталған пациент » үйірмесі жұмыс жасауда

ҚР медициналық және фармацевтік білім беруді қайта құрастыру   концепциясының негізгі мақсаты – мамандардың кәсіптік деңгейін жоғарылату және ҚР азаматтарының денсаулығын жақсарту мен медициналық  көмек көрсету сапасын көтеру нәтижесі. ( бұйрық №534  12.07.2011 ж.  ҚР денсаулық сақтау министрімен бекітілген)

Концепция мақсатының бірі оқу-әдістемелерін белсенді енгізуді жалғастыру мен клиникалық оқуда симуляциялық технологияларды пайдалану және стандартталған пациентті енгізу.

Осыған орай колледждің симуляциялық орталығында “Стандартталған пациент”- үйірмесі 2010 жылдан бастап жұмыс атқаруда.

Ұйірменің жетекшілері Сабирова Ж.Н және Сазанбаева А.А

Дүние жүзінде «стандартталған пациент » әдісі кең қолданылуда.

«Стандартталған пациент» – бұл арнайы дайындалған, аурудың белгілерін нақты орындайтын актер. Науқас – актер стандартты шағымдарды айтады және аурудың стандартты клиникалық белгілерін орындайды.

Үйірмеде шамамен 20 дай өз еркімен белсенді қатысып жүрген білімгерлерімізді айтуға болады.

«Стандартталған пациент » әдісімен оқытудың негізгі мақсаты:

практикалық дағдылар мен білім сапасын жоғарылату  және бағалау.