Республикалық жоғары медициналық колледжінде диплом табыстау салтанатты шарасы өтті

“МЕЙІРГЕР ІСІ” бойынша ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВР студенттері 2018 жылдың 1-наурыз күні қолдарына диплом алып, колледждің тұңғыш түлектері атанды.

Республикалық жоғары медициналық колледжінің Бас директоры Найля Бексауытқызы Рузденова алғы сөз сөйлеп, шараны ашып берді. Сондай-ақ колледж басшысы түлектерге медицина саласындағы қызметтерін абыроймен атқаруына тілектестік білдіріп, еліміздегі медицина саласының дамуына зор үлес қосады деген сенімін білдірді.  Сонымен қатар диплом табыстау шарасына арнайы қатысқан “Құрмет” Орденінің кавалері, Республикалық жоғары медициналық колледжінің Бас директоры, м.ғ.д., профессор Сәуірбек Рузуддинұлы Рузуддинов, «Қазақстан Республикасы медициналық колледждері одағы» Заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, медицина ғылымының докторы Сұлтан Тұрарұлы Сейдуманов және Қазақ онкология және радиология ғылыми – зерттеу институтының Бас мейірбикесі Нұрмағамбетовна Гүлсім Алибаева түлектерге ақ тілектерін білдіріп, диплом табыстады.

Қолданбалы бакалавр дәрежесін биыл 49 студентіміз тәмамдап, медицина саласы мамандарының қатарына қосылды. Бітіруші 49 студентіміздің 24-і 11-сыныптан кейін түсіп, 3 жыл, 6 ай оқыған болса, 25 түлегіміз колледж бітіріп, 1 жыл, 6 ай оқыды.

 

Қолданбалы бакалавр дәрежесі жайлы қысқаша айта кетсек. Республикалық  жоғары медициналық колледжінде 2014 жылы “Қолданбалы бакалавр” дәрежесін оқыту – пилоттық жоба ретінде енгізілген болатын. Бүгінде Қолданбалы вакалавр дәрежесі бойынша Финляндияның екі бірдей университетінің мамандарымен әріптестік қарым-қатынас жасап, тәжірибе алмасу барысындамыз.