31 мамыр “Ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне” орай, Алаш аманаты” атты шара ұйымдастырылды

Республикалық жоғары медициналық колледжінде 31 мамыр “Ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне” орай, Алаш аманаты” атты шара ұйымдастырылды.

ХХ – ғасырдың бірінші жартысында болған зұлмат кезең жайлы студенттерге арнайы бейнеролик көрсетіліп, оқытушыларымыз Алаш қайраткерлерінің өмірі жайлы баяндама оқыды.

Алғаш болып сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талғат Сағатұлы: ХХ – ғасыр басында қазақ халқындай зардап шеккен халық жоқ. 1929 – 1933 жылдар аралығындағы аштықтан 2.5 млн. адам қаза тапты, бұл дегеніміз – қасірет! Егер біз ашаршылықты бастан өткізбегенімізде, халқымыздың саны қазір 50 млн. ға жетер еді, – деді.


Сондай-ақ, “Тарих” пәні оқытушысы, т.ғ.к Абдрахман Абдрасилұлы, Жібек Рахматуллақызы, Шолпан Елемесқызы және “Әлеуметтану” пәні оқытушысы Дәурен Еренғалиұлы, “Мәдениеттану” пәні оқытушысы Әділжан Фархатұлы, “Саясаттану” пәні оқытушы
сы Ғалым Бекболұлы қайраткерлеріміздің ерлігі мен тұлғалық қасиетін жастарға жеткізді.