Астана қаласының 20 жылдығына орай, студенттер арасында сурет салу байқауы өтті

Астана қаласының 20 жылдығына орай, Республикалық жоғары медициналық колледжінің студенттері арасында сурет салу байқауы өтті.

Байқауға колледжіміздің 1-2 курс студенттері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Студенттердің қолдарынан шыққан туындылар колледж фойесіне көрме ретінде қойылып, студенттер назарына ұсынылды.