Республикалық жоғары медициналық колледжінде “Дін және жастар” тақырыбында кездесу өтті

Алматы қаласы Медеу аудандық Дін Істері басқармасының қолдауымен Республикалық жоғары медициналық колледжінде “Дін және жастар” тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: жастар арасындағы экстремизм және терроризмнің алдын алу болып табылады. Кездесу барысында аға оқытушы, Дінтану ғылымдарының докторы, Құдайберді Бағашаров жастардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, түрлі діни ағымдардың жетегіне түспеуге шақырды.