РЖМК Бас директоры Н.Б. Рузденова колледж ұжымын “Халықаралық ұстаздар күнімен” құттықтады

Республикалық жоғары медициналық колледжінің Бас директоры Найля Бексауытқызы 6 қазан “Халықаралық оқытушылар күнімен” колледж ұжымын құттықтап, бірқатар оқытушыларға “Құрмет грамотасын” табыстады. Сондай-ақ, колледж Кәсіподағы тарапынан қаржылай сыйақы мен  сыйлықтар үлестірілді. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, бәсекелестікке қабілетті тұлға қалыптастыруда ұстаздың алатын орны ерекше. Сондықтан да Республикалық жоғары медициналық колледжінің әкімшілігі атынан барша ұстаздарды айтулы мерекемен құттықтаймыз.