Мәжіліс депутаттары Республикалық жоғары медициналық колледжіне келді

Мәжіліс депутаттары Республикалық жоғары медициналық колледжіне келді.

Елбасы жолдауын түсіндіру жұмыстары бойынша Қазақстан Коммунистік халық партиясының мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов пен Қазақстан халқы ассамблеясының атынан сайланған мәжіліс депутаты Микаелян Наринэ келіп, жолдауға байланысты қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Оқытушылардың, медицина қызметкерлерінің, Жас отбасылардың баспанасы және тағы басқа өзекті әлеуметтік мәселелер кездесу барысында көтерілді. Мәжіліс депутаттарының өңірлерді аралап, халықпен тікелей кездескеніне оқытушылар мен студенттер ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да кездесуге келіп тұрсаңыздар деген ұсыныстарын айтып, тарқасты.