РЖМК 2018-2019 оқу жылындағы 1-курс студенттерін Студенттер қатарына қабылдады

Республикалық жоғары медициналық колледжі 2018-2019 оқу жылындағы 1-курс студенттерін “Студенттер қатарына қабылдады”.

Шара шымылдығын Республикалық жоғары медициналық колледжінің Бас директоры Н.Б. Рузденова ашып: “Құрметті студенттер, 80 жылдық тарихы бар Республикалық Жоғары медициналық колледжінің студентті атанғандарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер аса жауапкершілікті талап ететін медицина саласын таңдаған екенсіздер, ендеше сол жолда білікті маман атанып “АҚ ХАЛАТТЫ – АБЗАЛ ЖАН ДЕГЕН” атқа лайық болып, сол атқа кір келтірмейсіздер деп сенім артамын” – деді.

Сондай-ақ салтанатты шарада Бас директордың Практикалық Оқыту ісі жөніндегі орынбасары Айжан Мұсақұлқызы Татибекова студенттерді Студенттер қатарына қабылдануларымен құттықтап, Студенттік билет табыстады.

Студенттердің қуанышымен бөлісуге “Ұлытау” тобында өнер көрсеткен күйші Ержан Әлімбеков, “До-мажор” тобының әншісі Ермек Мұқашев, эстрада әншісі Самат Жанғазин, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының әншісі Нұрсұлтан Шатырханұлы және белгілі сыйқыршы Самат Рыскелді келіп, өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар колледждің өнерлі студенттері де ән мен биден шашу шашты.