«Триаж жүйесі» бойынша семинар-тренинг өтті

Жетінші қараша күні Республикалық  жоғары медицина колледжінің оқытушысы Бектенов Ринат Дулатұлы  Алматы қаласының  Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында  «Триаж жүйесі» бойынша семинар-тренинг өткізді. Семинарға  аталған емхананың дәрігерлері мен мейіргерлері қатысып, дәріс соңында мамандарға арналған  дәстүрлі сергіту жаттығулары жасалды.