Республикалық Жоғары медициналық колледжінің студенттері Желтоқсандықтармен кездесті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Республикалық Жоғары медициналық колледжі студенттері Желтоқсандықтармен кездесті.
 
Кездесуге Несіпкүл Қалдыбайқызы Шөкей апайымыз бен Қайыргелді Калиакпарұлы Кузенбаев ағамыз келіп, 1986 жылы бастарынан өткен оқиғаларды айтып, жастардың қызықтырған сауалдарына жауап берді.
 
Қайыргелді ағамыз Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековпен тергеу абақтысында бірге отырған. 14 жылға сотталып, 91 жылы ақталып шыққан. Ал Несіпкүл апайымыз ҚР Прокуратурасының 2011 жылы ақтау анықтамасы берілген.