ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов алғыс хат табыстады

2018 жылдың 25-26 қазан күні “Медициналық – санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Алматы декларациясының қабылданғанына 40 жыл” толуына орай, Астана қаласында 146 елден келген 1142 делегат оның ішінде 35 -і министр, 21-і вици-министрдің қатысуымен конференция өткен болатын.
Осы конференцияны өткізуге ат салысқаны үшін Республикалық Жоғары медициналық колледжін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алғыс хатпен марапаттады.
Алғыс хатта: Республикалық Жоғары медициналық колледжіне

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ-тің медициналық – санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференциясын өткізуге қосқан үлесі мен атқарған елеулі еңбегі үшін алғысымды білдіремін! – деді,
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.