Республикалық Жоғары медициналық колледжінің студенттері Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстанан шығарылғанына 30 жыл толуына орай, Республикалық Жоғары медициналық колледжінде шара ұйымдастырылып, ардагерлермен кездесу өтті.

Кездесуге Серік Көшербаев, Арғамбек Жақсыбаев, Назымбек Кидаров және Айыпхан Калиев пен Қайрат Ахметұлы арнайы шақырылды. Шара Ауған соғысында қаза тапқан әскерлер мен қара майор атанып кеткен Борис Керімбаевты еске алудан басталып, студенттеріміз дайындаған бағдарламен жалғасты.