“Қолданбалы бакалавр” түлектеріне диплом табысталды

Республикалық Жоғары медициналық колледжінің Мейіргер ісі мамандығы бойынша “Қолданбалы бакалавр” түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті. 80 жылдық тарихы бар колледжде биыл екінші жыл Мейіргер ісінің “Қолданбалы бакалавр” түлектері диплом алды.