“Алматы – Адалдық алаңы” жобасының аясында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы” тәрбие сағаты өтті

Республикалық Жоғары медициналық колледжінде “Алматы – Адалдық алаңы” жобасының аясында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы” тәрбие сағаты өтті. Қала бойынша өткен жемқорлыққа қатысты біріңғай сағатқа мектептер мен колледждер және балабақшалар қатысқан болатын. Шара барысында студенттерге арнайы әзірлеген баяндамалар оқылып, бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, Колледж студенттерінен құралған “Саналы ұрпақ” жемқорлықпен күрес клубы жетекшісі жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жемқорлықсыз ел болуға шақырды.