Worldskills Almaty чемпионатының төрағасы Ерулан Серікұлы Қарағұлов “Медициналық және әлеуметтік күтім” чемпионатына оң баға берді

Республикалық Жоғары медициналық колледжінде өткен “Worldskills Almaty 2019” аймақтық чемпионаты бүгін аяқталды. Чемпионатты бақылауға Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің директоры, Worldskills Almaty чемпионатының төрағасы Ерулан Серікұлы Қарағұлов келіп, “Медициналық және әлеуметтік күтім” бойынша ұйымдастырылып жатқан шараға оң бағасын берді. Сондай-ақ, алдағы уақытта Нұр-Сұлтанда өтетін Республикалық Worldskills чемпионатында қатысушыларымыз жеңіске жетуіне тілегін білдіріп, қатысушыларға үлкен сенім артты.

Алматы қаласы бойынша қатысып жатқан 39 Техникалық және кәсіптік колледж студенттерінің жеңімпаздары 19 сәуір күні сағат: 13:00-де Алматы қаласы Оқушылар сарайында жарияланатын болады.