Республикалық жоғары медициналық колледжі студенттері арасында салтанатты сап түзеу байқауы өтті

9 мамыр Жеңіс күніне орай Республикалық жоғары медициналық колледжі студенттері арасында салтанатты сап түзеу байқауы өтті. Байқау қатысушылары үш кезең бойынша сайысқа түсіп, кім мықтыны анықтады.

Сап түзеу байқауынан кейін студенттеріміз 28 панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға барып, соғыста қаза тапқан ата-бабаларымыздың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.