Республикалық жоғары медициналық колледжінің ұжымы төл мерекелерін атап өтті

Республикалық жоғары медициналық колледжінің ұжымы төл мерекелерін атап өтті. Халықаралық медицина қызметкерлері күніне орай колледж басшылығы бірқатар ұжым қызметкерлеріне “Еліміздің денсаулық сақтау саласын дамыту жолында және орта буын медицина мамандарын даярлауда қосқан қажырлы еңбегі үшін алғыс хат табыстады. Сондай-ақ, “Қазақстанның Медициналық колледждерi одағы” заңды тұлғалар бiрлестiгі атынан да бірнеше әріптесіміз төс белгімен марапатталды.

Салтанатты шара барысында өнерлі студенттерімізбен қоса, Грузия, Ташкент және тағы басқа көптеген халықаралық конкрустардың жеңімпазы  “Dream” би мектебінің қыздары, Жүсіпбек Елібеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенті Ескендір Рахимов пен Бурабаева Диана арнайы келіп өнерлерін ортаға салды.

Әр науқастың жанына желеу болып «Гиппократ антын» өзінің өмірлік ұстанымы ретінде қабылдап, қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірінің сақшысы бола білген ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегі, атқарған істері орасан. Сондықтан да ақ халатты абзал жандардың қызметін бағалап, оларды ардақтау әрбіріміздің міндетіміз.