Біздің оқытушыларымыз үшін біліктіліктерін арттыру мақсатында мастер-класс өткізуге Германиядан Stana Grupp ханым арнайы келді…

Біздің колледжге оқытушыларымыздың  Мейіргер ісі және қайта оңалту іс-шаралары төңірегіндегі біліктіліктерін жоғарылату үшін мастер-класстар өткізу мақсатында Германиядан SES компаниясының эксперті  Стана Групп ханым (Stana Grupp) келді.
Оқыту 19.09.2019 ж. – 08.10.2019 ж. аралығында жүргізіледі. Негізгі жұмыстар мына мәселелерге бағытталады:
-жетілу потенциалын анықтау;
-оңалту іс-шараларын өткізуді үйрету;
-науқастармен қарым-қатынас;
-пациентке күтім жасау жөніндегі нұсқаулық;
-тақырыптар бойынша мамандандырылған білімді кеңейту;
-сапалы оқыту үшін қабылданатын шаралар тізімін жасау;
-бастапқы кезеңде осы шаралардың іске асуына қолдау көрсету.
Біздің колледжге келіп, оқытушылармен, студенттермен танысты. Көп нәрсенің ұнағанын жеткізді: колледждің жабдықталу деңгейі, даярлау және қайта даярлау бағдарламаларының қанықтығы, ұстаздардың жоғары деңгейдегі кәсібилігі. Алдағы уақытта қарқынды танысулар мен оқыту және заманға сай мейіргер ісінің еуропалық стандарттарының тәжірибелік бекітілу жұмыстары күтіп тұр. Біз үшін және біздің колледж үшін осындай тренермен жұмыс жасау үлкен құрмет.