Келе жатқан ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара аталып өтілді…

Республикалық жоғары медициналық колледжінде ұлағатты ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара аталып өтті. Колледжіміздің Бас директоры Н.Б.Рузденова барша әріптестерін төл мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына жемісті табыс пен жеңісті күндер тіледі. Мерекелік жиынға арнайы қонақ ретінде Мейіргер ісі және қайта оңалту іс-шаралары төңірегіндегі біліктілікті арттыру мақсатында Германиядан келген SES компаниясының эксперті Стана Групп ханым (Stana Grupp)қатысып, ұстаздарымызды мерекелерімен құттықтап, танысқанына және бірге жұмыс жасап жатқанына қуанышты екенін жеткізді. Іс-шара барысында жас өнерпаздар арнау өлеңдерімен, тамаша ән, билерімен көрермен көңілін таба білді.  Баршаңызды келе жатқан ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!