Халықаралық студенттер күніне орай КВН ойыны өтті

Республикалық жоғары медициналық колледжінде Халықаралық “Студенттер күніне” орай КВН ойыны өтті. КВН-ге колледжіміздің ойыншыларынан бөлек Профессор Рузуддинов атындағы “Стоматологиялық” колледжі мен Алматы жоғары медициналық колледжінің ойыншылары да келіп қатысты. Ойынды Республикалық жоғары медициналық колледжі Бас директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.С. Жанысбаев ашып беріп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ойын қорытындысы бойынша 1-орынды, яғни кубок пен колледж әкімшілігі тарапынан берілген қаржылай сыйақыны колледжіміздің “Зың-зың” атынан өнер көрсеткен командасы жеңіп алса, 2-орынды тағы бір командамыз “103” командасы. 3-орын Алматы жоғары медициналық колледжінен келген қонақ командасы иеленді.