Суицидтің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді

20.12.2019 ж. күні Республикалық Жоғары медициналық колледжінің 1-курс студенттеріне “Ынтымақ” қоғамдық бірлестігінің өкілі, педагог-психолог К.Б. Ильясова “суицидтің алдын алу” бойынша дәріс оқыды. Шара барысында жасөспірімдерге арнайы видеороликтер мен слайдтар көрсетіліп, өмірге  және қоғамға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру бағыты бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізілді.