Республикалық Жоғары медициналық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, мерекелік кеш өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Республикалық Жоғары медициналық колледжі ҚР Тәуелсіздік күнін атап өтті.
Колледжіміздің Бас директоры Тәуелсіздік күнімен барша ұжым қызметкерлері мен студенттірді құттықтап, бірқатар қызметкерге АЛҒЫС ХАТ табыстады.

Тарихы терең Ұлы дала халқының тәуелсіздікке жету жолы және ұланғайыр даланы сақтап қалуы оңай болған жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен еңбегі – көрші мемлекеттермен шекарамызды бекітіп, қазығын қағып алуы.

Ендігі мақсат: Тәуелсіздікті көзіміздің ағы мен қарасындай сақтау және білімді, парасатты, рухы биік ұрпақ өсіру. Сонда ғана Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мәңгі һәм баянды болмақ.