Республикалық жоғары медициналық колледжінің студенттері “Хәкім Абай” орталығында

Абай атамыздың 175 жылдық мерей тойы аясында бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі “Хәкім Абай” орталығына Республикалық жоғары медициналық колледжінің 1-курс студенттері барып, орталығымен танысты.
 
ҚазҰПУ-дың “Хәкім Абай” ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымының кандидаты, аға оқытушы Шойынбет Алшынбекұлы Жабал Абай атамыз туралы студенттерімізге біраз мағлұмат айтып, орталықтың жұмысымен таныстырды.