Коронавирустың алдын алу және одан сақтану жолдарын түсіндіру жұмыстары өтті

26.02.2020 күні коронавирустың алдын алу және одан сақтану жолдарын түсіндіру жұмыстары бойынша Республикалық жоғары медициналық колледжінде жұмыстар жүрді. Колледждің барлық ұжымына “Жұқпалы аурулар” пәні оқытушысы З.А. Каракозиева мен  жоғары санатты “Эпидемиолог дәрігері” Э.Ұ. Байбосынов арнайы дәріс оқып, видеороликтер көрсетілді. Сондай-ақ, “Жұқпалы аурулар” пәні оқытушысы З.А. Каракозиева мен колледждің Медбикесі  Жания Қожагелдіқызы колледждің бірінші қабатында короновирустан сақтану жолдарына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, студенттерге маска таратты.